20.04.2026, 18:00
Оқылды: 24

Кәуәпті шамадан тыс жеуге болмайды: маман қандай кеңес берді?

Диетолог Елена Соломатина қанша мөлшерде кәуәп жеуге болатынын айтты. Оның айтуынша, мұнда адамның ас қорыту жүйесі, салмағы, бойы және бұлшықет массасы ескеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Kebabs grilled meat skewers, shish kebab set, on old dark wooden table background, top view flat lay, with copy space for text

Сурет: istockphoto.com

Маманның сөзінше, кәуәптің қуырылғаны немесе пеште пісірілгеніне де мән беру керек. Жалпы алғанда, бір адамға 200-400 грамм аралығы жеткілікті. Ал кейбіреулерге 150 грамм да жетіп қалады.

 Сондай-ақ, кәуәптың ненің етінен жасалғаны да маңызды. Ең жеңіл қорытылатыны — балық. Сондықтан балықтан жасалған кәуәпті көбірек жеуге болады. Одан кейін құс еті. Ал сиыр, қой, шошқа еті секілді қызыл ет ағзаға ауырлау тиеді.

Яғни, кәуәп жегенде оның түріне де, мөлшеріне де абай болған дұрыс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале