15.09.2023, 15:15
Оқылды: 120

Қазақ боксшылары Канелоның кешінде өнер көрсетеді

Қазақстандық Бек Нұрбағамбет пен Әбілхан Аманқұл осыдай мүмкіндікке ие болды. Олар 30 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады, деп жазды 24.kz.

B2B271C8-2595-4AE5-B101-5BFF9580A9DE

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Бек Нұрмағамбет бүгінге дейін 10 кездесу өткізіп, онында да жеңіске жетті. Тіпті, 8-ін уақытынан бұрын аяқтады.

Әбілханның көрсеткіші 4 жекпе-жек, 4 жеңіс және 4-еуінде де нокаут тіркелді.

Қазір жерлестеріміз Сауль Альвареспен бірге жаттығу пысықтап жүр. Жалпы қос тарап арасындағы байланыстың орнағанына бірнеше жыл болды. Соның арқасында қазақ жігіттері алғаш рет бүкіл әлем көз тігетін кеште бағын сынамақ. Оның негізгі кездесуі орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен бірінші орта салмқатағы абсолбтті әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарло арасында болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале