27.10.2023, 15:30
Оқылды: 95

«Қазақ» газетінің шығу тарихын білесіз бе?

Бұл газет 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында шығып тұрған. Газет сол кездегі қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени бағытта мақалаларын жариялап отырған. Газет алғашында аптасына бір рет, кейіннен аптасына екі рет негізінен демеушілердің қолдауымен шығып тұрған.

газета

Фото: aldaspaninfo.kz

Дерек көздерінен белгілі болғандай газеттің 265 нөмірі жұртқа тараған. Газеттің рәміздік белгісі ретінде қазақтың киіз үйі бейнеленеді. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды білдірген.

«Қазақ» газетін ұйымдастырушы, әрі редакторы Ахмет Байтұрсынов болса, оның өкілетті өкілі Міржақып Дулатов болған.

Газетте А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың, М. Тынышпаевтың, Ш. Құдайбердиевтың, Ғ. Қараштың, Р. Мәрсековтың. М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, Х. Досмұхамедовтың тағы басқа қазақ оқығандарының мақалалары жарияланып тұрды.

«Қазақ» газеті сол кезде барша қарапайым сауаты бар адамдардың және тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналады.

Бұдан кейін пайда болған барша газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты десе де болады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале