7.08.2026, 19:00
Оқылды: 5

Қазақ киносының алғашқы жартыжылдықтағы жетістіктері пысықталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазақ киносының ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы жетістігі артып келеді.

bru-no-movie-theater-4213751_1920

Фото: pixabay.com

Елімізде ұлттық киноны дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, жаңа киножобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде, отандық фильмдердің прокаты кеңейіп, анимация саласы мен киноның алтын қорын сақтау жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік қолдаумен түсірілген 6 фильм кең прокатқа шықты. Атап айтқанда, бұл тізімге «Гипноз», «Билет из рая», «Осенний бриз», «Құт», «Әбіл» және «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» деректі фильмдері енді. Деректі фильмдердің еліміздегі кинотеатрларда кең прокатқа шығуы – ұлттық кино саласы үшін маңызды оқиға. Бұл авторлық жобалардың кең аудиторияға жол тартуына кең мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа киножобаларды жүзеге асыруға да басымдық берілуде. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Мұғалім» және «Кенжем қайда?» фильмдерінің жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда 23 киножоба әзірленіп жатыр, оның 21-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша тағы 18 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

Отандық анимацияны дамыту – саладағы басты бағыттардың бірі. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің питчингі нәтижесінде 10 анимациялық жоба іріктелді. Бұл балалар мен отбасылық контенттің сапасын арттырып, оқиғалар мен кейіпкерлерді заманауи анимация құралдары арқылы танытуға ықпал етуде.

Қазақ киносының «Алтын қорын» сақтау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері «Возвращение сына», «До свидания, Медеу», «Звучит там-там», «Золотой рог» және «Песня зовет» фильмдері цифрлық форматқа көшірілді. Ал «Алпамыс идет в школу» мен «Тревожное утро» фильмдері толықтай қайта қалпына келтірілді.

Сонымен қатар жыл басынан бері прокат куәлігін беру бойынша 1539 өтінім қаралып, оның 1344-іне арнайы куәлік берілді. Бұл шаралар кино саласындағы жұмысты жүйелеуге және заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале