5.06.2023, 15:46
Оқылды: 65

Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев Францияда өткен бәйгеде бірінші келді

Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді "Катар При" атжарысына қатысып, екі рет бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті.

8a8f701c-3308-4cb3-a622-7d9e48374d36

Фото: Видеодан алынған кадр

Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған. Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға кеңінен танымал болғанымен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан, Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ақтады. Шабандоз Шантийиде 6 бәйгеге қатысып, оның сәйгүлігі екі рет мәреге бірінші болып келді. Енді бірнеше аптадан кейін отандасымыз "Париж Гран приінде" бағын сынайды.

"Франция ат спорты саласында Еуропадағы ең үздік ел саналады. Менің мансабым Чехияда басталған. Содан кейін Германияда болдым. Енді міне, Францияға келіп еңбек етіп жатырмын. Бұған дейін жұмыс істеген елдерімде чемпион болдым. Францияда да 2-3 жыл ішінде осы биік белеске жетуді мақсат етіп отырмын", - дейді шабандоз Бауыржан Мұрзабаев.

С. Бөлек

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале