12.08.2022, 9:17
Оқылды: 65

Қазақстан дипломаттары тағы екі мемлекетке визасыз бара алады

Парагвай мен Боливияға жұмыс бабымен баратын Қазақстан дипломаттары 3 айға визадан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қаулы еткен құжат «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220811223720338e

Фото: participants.allianceabroad.com

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Боливия көпұлтты мемлекетінің және Парагвай Республикасының Үкіметтерімен арадағы дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге келді. Оның ережелері де әзірленді. Бұл келісімдер 5 жыл мерзімге жасалды. Оған сәйкес, жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасының дипломаттары аталған елдерге барғанда олардан 90 күн ішінде визалық талаптар сұралмайды», - деп көрсетілген қаулыда .

Қоса кетсек, таяуда Венесуэлаға баратын қазақстандық дипломаттар виза талаптарынан босатылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале