22.06.2026, 19:00
Оқылды: 5

Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы қылыш сайысынан қола жүлдеге ие болды.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 14.53.29

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Намысты додада ел намысын қорғаған Артем Саркисян, Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай жарыс барысында жоғары шеберлік танытты. Отандастарымыз 1/8 финалда Иранды 45:33, ширек финалда Өзбекстанды 45:43 есебімен қапы қалдырды. Жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 34:45 есебімен жол бергенімен, үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Қытай құрамасын 45:44 есебімен, бір ұпай айырмашылығымен шаң қаптырып, құрлық біріншілігінің қола медалін қанжығасына байлады.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 14.53.30

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші жүлдемен толықты. Бұған дейін шпага сайысында Ирина Бакалдина тарихи алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Нью-Делидегі Азия чемпионаты 24 маусымда өз мәресіне жетеді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале