Полиция күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.

Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамы белгіленген аумақты қоқыстан толықтай тазартып, ретке келтірді.
Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, ауданның әлеуметтік өміріне де белсене араласып, қоршаған ортаны қорғау ісінде көпшілікке үлгі болды. Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсеткен бұл экологиялық шаралар алдағы уақытта да Шыңғырлау ауданында тұрақты түрде жалғасын таппақ.
Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы