21.07.2022, 15:30
Оқылды: 91

Қазақстан Мальдив аралдарымен визасыз режим туралы келісімді бекітті

 Қазақстан Үкіметінің 16 шілдедегі қаулысымен Мальдив Республикасының Үкіметімен визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

faa2f3218fa6490886631f974b826e47

Құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитпен өтуге, келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады.

Келісімге 2022 жылдың 9 мамырында Мале қаласында қол қойылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале