10.02.2022, 17:45
Оқылды: 94

Қазақстан мектептеріндегі шектеулерді алып тастау: жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас санитария дәрігері міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова білім беру ұйымдарындағы шектеулерді алып тастауды көздейтін қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

02

Есмағамбетова облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында күндізгі оқыту форматын қамтамасыз етуді тапсырды.

Барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдары басшыларына "2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" бас санитария дәрігердің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитария қағидаларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале