6.03.2023, 9:30
Оқылды: 39

Қазақстан мен Эфиопия жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын

Бакуда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Эфиопия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Демеке Меконненмен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

630ad38604eeb8fa3033c7b652e838ca_1280x720

Кездесу Қосылмау қозғалысының COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Байланыс тобының саммиті шеңберінде үйымдастырылды.

Өтіп жатқан саммиттің күн тәртібіндегі пандемияға жауап және постковидтік кезеңдегі кооперация мәселесі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі болды. Эфиопиялық тарап бұл тұрғыда, ең алдымен, Африка құрлығы үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзара сауданы дамыту, екіжақты іс-шараларды өткізу, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлескен жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қ. Тұмыш Қазақстанның Африка одағының саяси орталығы орналасқан Эфиопиямен жан-жақты ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, еліміз Аддис-Абебаны Африка құрлығындағы өзінің негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты.

Сондай-ақ, эфиопиялық әріптесін ағымдағы жылғы 18-19 ақпанда Аддис-Абеба қаласында Африка одағының 36-шы саммитінің сәтті өтуімен құттықтады. Саммит қорытындылары Африка елдерінің континенттегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі бірлігін, сондай-ақ «Африка мәселелеріне арналған африкалық шешімдер» және «Қаруды үнсіз қалдыру» қағидаттарын жүзеге асырудағы прогресті көрсетті.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале