25.09.2024, 16:15
Оқылды: 43

Қазақстан мен Канада ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып жатыр

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Канада делегациясының өкілдері Аридж Башир және Марио Крпанмен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

19881A39-D3DB-4E20-A8D3-90F90C865FD9
Суреттер: министрлік

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын ұлғайту және оларды қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

«Біз барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар біздің елдеріміз арасындағы жемісті ынтымақтастықты айқын көрсетеді», - деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап «Feedlot Health Management Systems» компаниясы қазақстандық «Kazbeef» ЖШС-мен бірлесіп фермаларда ет өндірудің өнімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуде. Бұл отандық өндірушілердің өнім сапасы мен экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

EB627306-047B-437C-AF3F-667BECE00508

Қазақтың ақбас тұқымы Республикалық Палатасы канадалық «Vytelle» қатысуымен 2019 жылдан бастап асыл тұқымды малдардың өнімділігін тестілеу жүйесін енгізуде. Бұл технология Қазақстанның 5 шаруашылығында орнатылған және компания ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі.

Сәтті серіктестіктің жарқын үлгілерінің бірі – Қостанай облысы, Лисаковск қаласындағы «Дон Мар» ЖШС. Бұл канадалық кәсіпкерлердің қатысуымен локализацияның жоғары үлесі бар ауылшаруашылық техникасын шығаратын Қазақстанның жетекші кәсіпорны.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале