26.02.2022, 9:50
Оқылды: 164

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220226003256734e

Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале