15.02.2023, 16:30
Оқылды: 44

Қазақстан мен Үндістан стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге келісті

 13-14 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш бастаған делегация Қазақстан мен Үндістан сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 8-ші раундына қатысу үшін Нью-Делиге іс-сапармен барды. Үнді тарапынан Үндістанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Санджай Верма тең төраға болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

6d93c393be25e620e7eafae93c5e0f99_1280x720

Қанат Тумыш өз сөзінде Қазақстан Үндістанмен стратегиялық әріптестікті нығайтуға ерекше мән беретінін және Нью-Делиді Астананың Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Мәдени тұрғыдан екі ел халықтарының өзара қарым-қатынасының ежелден келе жатқанын, сонымен қатар 2022 жылдың маусым айында Нью-Делиде қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлына және 2022 жылдың қазан айында Астанада Үндістанның қоғам және саяси қайраткері Махатма Гандиге арналған бюсттерін орнатылуы елдер мен олардың халқы арасындағы өзара құрмет пен сенімнің үлгісі болып табылатынын айтты.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары үнді тарапын Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен G20-ға табысты төрағалық етуімен құттықтап, маңызды іс-шаралардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Тараптар 2023 жылғы маусым айының соңында Нью-Делиде өтетін ШЫҰ саммиті аясында жоғары деңгейдегі байланыстарды күшейтуге келісті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларына жоғары баға беріліп, 2022 жылы 2,5 миллиард АҚШ долларды құраған екіжақты сауда көрсеткіштеріне қанағаттандырушылық білдірілді.

2bb1879bd9522b246b45a18666ec2cf9_1280x720

Сонымен қатар медицина, фармакология, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, ғарыш, энергетика және т.б. салалардағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы екіжақты қатынастарды әртараптандыру қажет деген ортақ пікірге келді.

Консультациялар шеңберінде тараптар киберқауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық және терроризмге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты.

Дипломаттар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЕАЭО және МАГАТЭ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың көпжақты форматын талқылады. «Орталық Азия-Үндістан» 1-ші саммитінің (2022 жылғы 27 қаңтар, онлайн форматта) қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылып, 2023 жылғы 5-6 наурызда Нью-Делиде «Орталық Азия – Үндістан» диалогының сыртқы істер министрлерінің 4-ші отырысының сәтті өтуіне сенім білдірді.

Қанат Тумыш Нью-Делиге сапары барысында Үндістанның ресми тұлғаларымен – Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхимен, Мұнай және табиғи газ министрінің бірінші орынбасары Панкадж Джайнмен, Сыртқы істер министрінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Дамму Равимен және Сыртқы істер министрлігінің қарусыздану, халықаралық және киберқауіпсіздік жөніндегі бас директоры Муанпуи Сайявимен бөлек екіжақты кездесулер өткізді.

Делидегі сапарының соңында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Тумыш Үндістанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының және сараптамалық-талдау топтарының өкілдерімен интерактивті отырыс өткізіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы, 2023 жылғы наурызда өтетін парламенттік сайлау туралы, сондай-ақ Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале