18.06.2024, 17:17
Оқылды: 79

Қазақстан өңірлік цифрлық хабқа айналады – Жаслан Мәдиев

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтқандай, осы бағыттағы негізгі бастамаларды байланыс операторлары қаржыландырады, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

3EEBF423-3C12-4AB3-8FF5-ED3E9209424C

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Ұлттық жоба шеңберінде Цифрлық Жібек жолын дамыту үшін мынадай шараларды іске асыру көзделген:

Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 370 км оптика төсеу. Қазақстан мен Әзірбайжан байланыс операторларының инвестициялары 23 млрд теңгеден асады.

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ мен «Әзіртелеком» ЖШҚ арасында бірлескен кәсіпорын құрылып, су асты ТОБЖ жобалау және төсеу үшін мердігерді таңдау бойынша тендер аяқталуда.

Қазақстан аумағы бойынша транзиттік трафикті ұлғайтуды көздейтін Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы.

Транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректер орталығын салу.

Аталған екі шара бойынша «Freedom telecom» ЖШС-нен ұсыныс түсті. Гипермагистральға өз инвестициялары 2025 жылдың соңына дейінгі мерзіммен 17 млрд теңгеден асады, ал 2027 жылдың соңына дейін іске асыру мерзімімен ДБО құрылысына – 90 млрд теңгеден асады.

Осы шаралардың барлығын іске асыру халықаралық деректер транзитінің баламалы бағытын және BigTech компанияларын (Google, Amazon, Microsoft) нарыққа тартуды қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале