5.09.2022, 16:15
Оқылды: 77

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақшолақов дизель отынын екі партиямен жеткізу жоспарланғанын айтты.

"Жалпы көлем 100 мың тоннаға дейін жетеді және бұл Ресейден келетіні анық. Бізге жақын жеткізушілерде дизель отынының онша мөлшері жоқ. Мұндай мүмкіндік әуе керосині сияқты қажет болған жағдайға алдын ала қарасытырлған. Сондықтан, жөнелтулер басталып кетті, бұл мәселемен "ҚазМұнайГаз" компаниясы тікелей айналысып жатыр", - деп түсіндірді министр.

Жақында дизель отынының бірінші партиясы жеткізіледі деп күтіледі, деді Болат Ақшолақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале