28.02.2022, 17:59
Оқылды: 85

"Қазақстан халқына" қоры қандай іспен айналыспайтыны айтылды

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қандай іспен айналыспайтыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220228-WA0052

Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев айтты.

"Бизнесті қолдаумен, жаңа жұмыс орындарын құрумен айналыспаймыз. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алмаймыз және азаматтардың несиесін өтемейміз. Біз ауыр жағдайға ұшыраған азаматтарға көмектесетін боламыз", - деді Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, көмек туралы өтінімдер қордың электрон порталы арқылы түседі. Бүгінде 30 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 70 пайызы қордың міндетіне жатпайтын өтінімдер. Көбіне ол тұрғын үй сатып алу мен несиені жауып беруге байланысты.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале