БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
26 Қыркүйек 2023

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған
26 Қыркүйек 2023

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған

«Дронмен де барлауға болады»
26 Қыркүйек 2023

«Дронмен де барлауға болады»

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...
26 Қыркүйек 2023

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200422105623293e

Қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» бірауыздан қоғамдық әлуметтік қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ – ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып Басқарма және бақылаушы орган болып Тексеру комиссиясы тағайындалады.

Айта кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды.

Қор Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккендерге, халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдеседі.

Сондай-ақ ҚР аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау көрсетіп, өзге де қайырымдылық көмекпен айналысады.

Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады.

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері мен көмек ретінде қол ұшын созғысы келетін азаматтар «Қазақстан халқына» Қорының шотына келесі реквизиттер бойынша қаражат аудара алады:

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале