Қиын жағдайға тап болған немесе ауыр сырқатқа шалдыққан қазақстандықтар бүгінде 113 миллиард теңгеден аса қаражат жинап үлгерген "Қазақстан халқына" қорына жүгіне алады. Соған орай қалай көмек алуға өтініш беруге болатыны туралы нұсқаулар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қор сайтының мәліметінше, қазақстандықтарға көмек көрсету үшін сараптамадан өткен, еліміздің барлық облысында орналасқан және халықтың мәселесін шешуде айтарлықтай тәжірибесі бар ҮЕҰ тартылады.
Қор басқармасы бірінші кезекте қаржыландырылатын өтінімдерді бейтарап іріктеу үшін тәжірибесі бар сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, қоғам қайраткерлерінің көмегімен өтінімдерді іріктейді.
Ең алдымен, қор осы көмекті қажет ететіндерге, соның ішінде ең әлсіз және қорғалмаған азаматтарға көмектеседі. Олар үшін қордан берілетін көмек жаңа өмір сүруге немесе аман қалуға да мүмкіндік беруі мүмкін.
Қор барлық өтінішті шартты түрде екі бағытқа бөлді.
Атаулы әлеуметтік көмек:
Даму бағдарламалары:
Қор көмек басымдық өтінімді алғаш кім бергеніне байланысты болмайтынын айтты. Сарапшылар әр жағдайдың өзектілігі мен ауыр екеніне назар аударады.
"Қор қазақстандықтардың барлық мәселесін бірден шеше алмайды. Сондықтан ең өзекті мәселелерді шешкен кезде ғана болашақта басқа мәселелерді шешуге көшуі мүмкін", - деп түсіндірді қор өкілі.
12:152.02.2023
Қазақстандықтардың 73,5 %-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды – сауалнама
17:0031.01.2023
1414 нөмірі бойынша тегін заңгерлік көмек алуға болады - Әділет министрлігі
9:1523.01.2023
2022 жылы қазақстандықтарға 2,9 трлн теңге зейнетақы төленді
9:0017.01.2023
Арыз-шағым азаймай тұр...
23.01.2023, 9:15
17.01.2023, 9:00