30.05.2022, 12:30
Оқылды: 90

Қазақстан хоккейшілері 2023 жылғы әлем чемпионатында В тобында ойнайды

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты топ-дивизионында Қазақстан қай топта ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220530090405021e

Айта кетейік, шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өткізіледі.

Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, және Словения құрамалары.

Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия шеберлік байқасады.

Еске салсақ , биыл Финляндия әлем чемпионы атанса, Канада күміс, Чехияға қола медаль алды.

Айта кетерлігі, Қазақстан биыл топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале