Елімізді жаңа айдан бастап бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Қазақстандықтардың өмірінде 1 мамырдан бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.

Сурет: сайт архивінен
Мамыр айында қандай мемлекеттік мерекелер бар?
Мамыр айында Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:
• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
• 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.
Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері.
Мамырда қанша күн демаламыз?
2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 14 күн демалыс болады.
Негізгі мерекелер: 1 мамыр (жұма), 7 мамыр (бейсенбі) және 9 мамыр (сенбі). 9 мамыр сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс 11 мамырға (дүйсенбі) ауыстырылып, қатарынан 3 күн демалыс болады.
Сондай-ақ 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айт күні демалыс.
Жеңіс күні. Ардагерлерге қанша қаражат беріледі?
Жеңістің 81 жылдығына орай елімізде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем беріледі. Оның көлемі – шамамен 5 млн теңге.
Оқу жылы аяқталады
Биыл 25 мамыр дүйсенбіге түседі. Бұл күн Қазақстанда мектеп оқушылары үшін соңғы оқу күні.
Бұдан кейін 9 және 11-сынып оқушылары үшін емтихандар басталады: 29 мамырда тоғызыншы сынып оқушылары математикадан емтихан тапсырады. Ал қалған оқушылар қыркүйек айының басына дейін жазғы демалысқа шығады.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
Негізгі ҰБТ басталады
Еске сала кетсек, негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында жүзеге асырылды. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Жаңа рейс ашылады
Мамырдан бастап FlyArystan Алматы және Астана қалалары мен Аланья арасында тікелей рейстерді іске қосады.
Рейстер Алматыдан (13 мамыр мен 24 қазан аралығында) 2 рет: сәрсенбі, сенбі күндері ұшады. Ал Астанадан (11 мамыр мен 22 қазан аралығында) 2 рет: дүйсенбі, бейсенбі күндері ұшады.
Бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынады
21 мамырдан бастап Қазақстанда мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша тыйым енгізіледі. Ерекшелік тек бекітілген жоспарлар бойынша бензин жеткізуге, сондай-ақ гуманитарлық мақсаттар мен төтенше жағдайларды жоюға арналған жеткізілімдерге қатысты қолданылады.
Шектеулер 21 қарашаға дейін күшінде болады және ЕАЭО елдеріне де таралады. Бұл ішкі нарықты қорғау саясатының жалғасы — бұған дейін осындай тыйым өткен жылдың қараша айынан бері қолданылып келген.
Мобильді аударымдар тексеріледі
Қаржы вице-министрі Ержан Биржановтың айтуынша, салық органдары мобильді аударымдар бойынша деректерді тексеруді мамыр айына дейін аяқтайды. Банктер үшін бірінші тоқсанға қатысты есеп тапсыру мерзімі 15 сәуірде аяқталған.
Тексеру нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, азаматтарға мамыр айында камералдық бақылау бойынша хабарламалар жолданады. Мұндай хабарламалар алынған жағдайда, оларды 30 күн ішінде орындау қажет болады.
Алайда тек белгілі бір критерийлерге сай келетін аударымдар ғана тексеріледі. Яғни бақылау мына үш шарттың бір уақытта орындалуына байланысты жүргізіледі:
Осы талаптардың барлығы қатар орындалған жағдайда ғана салық органдары тарапынан хабарлама жіберіледі.
Әскери қызметшілерге қатысты жаңа талаптар енгізілді
4 мамырдан бастап еліміздің Қарулы күштері қызметінің жарғысына өзгерістер енгізу туралы Президент Жарлығы күшіне енеді. Жаңа тәртіп әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданатын азаматтардың мүлкіне қатысты талаптарды реттейді.
Енді келісімшарт негізінде қызметке кіретін азаматтар әскери қызметке қабылданғаннан кейін 30 күн ішінде табыс әкелетін мүлкін сенімгерлік басқаруға беруі тиіс.
Бұл талап табыс көзі саналатын активтерге қатысты қолданылады. Алайда бірқатар мүлік түрлері бұл ережеден тыс қалады. Олардың қатарында қолма-қол ақша, облигациялар, ашық және интервалды пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, коммерциялық компаниялардың акциялары, сондай-ақ жалға берілген мүлік бар.
Фонограмма қолдану туралы жаңа талап енгізілді
Қазақстанда концерттер мен мәдени іс-шараларда фонограмма қолданылса, бұл туралы көрерменге міндетті түрде алдын ала хабарлануы тиіс.
Енді ұйымдастырушылар фонограмма пайдаланылғаны жөніндегі ақпаратты сыртқы жарнамада, билет сатылатын орындарда және БАҚ-та көрсетуге міндетті.
Телерадио эфирлерінде мұндай ескерту кемінде 5 секунд айтылуы керек (басында немесе соңында). Дыбыстық хабарлама негізгі ақпараттан бәсең болмауы және бұрмаланбауы тиіс.