30.12.2022, 16:01
Оқылды: 153

Қазақстанда 18 микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды

"Эверест Финанс" ЖШС микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

3

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

"Микроқаржы ұйымы жылдық сыйақы мөлшерін дұрыс көрсетпеген, кредиттік бюроға анық емес мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын бұзуына жол берген", - делінген хабарламада.

Елімізде микроқаржы ұйымдарының қызметі тексеріліуде. 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар онлайн несие беретін 18 микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды. Елімізде 434 мың адам микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай жүр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале