16.01.2024, 10:46
Оқылды: 8

Қазақстанда 220 электр станциясы жұмыс істейді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің баяндауынша, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алмасадам Сәтқалиев

Министр Үкімет отырысында бүгінгі таңда 220 электр станциясы жұмыс істейтінін, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар екенін баяндады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуат 20,4 ГВт, ал ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтыну 16,6 ГВт құрады.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд кВт/сағ деңгейінде болды.

Өндіріс 112,8 млрд кВтсағ құраған. Көршілес елдерден электр энергиясын импорттау – 3,4 млрд кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд кВт/сағ.

Ел экономикасы мен халықты сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін алдағы жылдары жаңа энергетикалық қуаттарды кезең-кезеңмен енгізу және жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту көзделіп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале