28.07.2023, 15:15
Оқылды: 137

Қазақстанда 3 491 патронаттық мейіргер жұмыс істейді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен балалар денсаулығын сақтауға қатысты бірқатар мәселелер бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

efcc8442b2f0e1514064c90e59fbcefd_1280x720

Кездесу барысында хирургиялық бейіндегі балалар төсегі, балаларды сәби кезінде бақылау, медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және азайту, оңалту көмегін көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Балаларды сәби кезінде сапалы медициналық бақылау үшін Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдан бастап патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізді.  Еліміздің барлық медициналық ұйымда барлығы 3 491 патронаттық мейіргер жұмыс істейді.

Жұмысты үздіксіз негізде жетілдіру мақсатында патронаж қызметінің мамандарын, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының басшыларын оқыту жүргізіледі.

ҚР бойынша әмбебап-прогрессивті модель мәселелері бойынша орта есеппен 11 050 медицина қызметкері, оның ішінде 796 педиатр, 2708 ЖПД, 6866 орта медицина қызметкері, 321 психолог, 359 әлеуметтік қызметкер оқытылды.

Бұдан әрі балаларды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2020 жылдан бастап елімізде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «Қазақстан халқына» ҚҚ-мен  мемлекеттік медициналық мекемелердің базасында 15 «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы және 7 «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Биыл бүкіл ел бойынша 13 ерте араласу орталығы мен 6 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Статистикалық деректерге сәйкес (РЭДО)  ҚР бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 775 балалар хирургиялық төсегі, 59 неонаталдық хирургия төсегі, 347 балалар нейрохирургиялық төсегі, 28 балалар кеуде хирургиясы төсегі, 164 балалар кардиохирургиясы төсегі, 470 балалар травматологиялық төсегі, 158 балалар комбустологиялық төсегі, 258 балалар урологиялық төсегі орналастырылған. Хирургиялық бейін бойынша елімізде барлығы 3407 төсек орналастырылды. Жыл бойы осы қызметтің дәрігерлері 144 мың баланы емдеді.

Кадр тапшылығын болдырмау үшін резидентурада «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша 50 дәрігер оқиды, PhD докторантурада 7 докторант оқиды, біліктілікті арттыру циклдарында 84 балалар хирургы оқытылды, сондай-ақ резидентураның 60 білім беру грантына мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, түрлі ауруларды диагностикалау, зерттеп-қарау және емдеу және тағы басқа мәселелерін талқылады.

Жалпы А. Ғиният балалармен профилактикалық жұмысты жақсарту, ауруларды сапалы диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз ету тұрғысынан белсенді бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале