30.09.2022, 11:45
Оқылды: 176

Қазақстанда 35 жасқа толмағандарды да жастар санатына қосу ұсынылды

Қазақстанда жастардың жасы 14 жастан 35 жасқа дейін бекіту ұсынылды. Қолданыстағы жастар саясаты туралы заңда бұл көрсеткіш 14-29 жас деп белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7

Егер ұсыныс қабылданса, елдегі жастар санатына жататындар саны екі есеге өсіп, 6,2 миллион адамға жетеді. Нәтижесінде олардың барлығы жастарды қолдау бағдарламаларына тартылады.

Аталған заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Жобаның мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру.

Заң жобасында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске және "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр

Сонымен қатар NEET санатындағы жастармен жұмыс бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі нақты бекітілетін болады:

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - жұмыссыз жастармен;
  • Білім министрлігі- біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлігінде;
  • Ішкі істер министрлігі – девиантты мінез-құлықты жастармен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар ресурстық орталықтары, салааралық үйлестіру және ақпараттық сүйемелдеу арқылы жастармен жұмыс істейді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале