Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 527,1 мың адамды құрады.

Фото: Ұлттық статистика бюросы
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9%-ға артық. Экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етіп жүрген бұл азаматтардың 3 602,0 мыңы (79,6%-ы) жалдамалы қызметкерлер болса, қалған 925,1 мыңы (20,4%-ы) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына кіреді.