23.05.2024, 11:45
Оқылды: 0

Қазақстанда 57 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Метеорологиялық бақылауға сәйкес, Батыс Қазақстанда биыл рекорд жаңарып, сәуір айында +28,4 градус ыстық температура тіркелген. Бұған дейін тек 1967 жылы Орал қаласында сәуірдегі ауа температурасы +27,8 градусқа дейін ысыған екен.

Орал

«Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында еліміздің басым бөлігінде күн жылынып, Қазақстан қалаларында жаңа рекордтар тіркелді. Мәселен, 21 сәуірде Ақтауда күн +31,5 градусқа дейін ысыды, бұндай жылы ауа райы 1975 жылы тіркелген. Петропавлда ауа температурасы +28,8 градус болған, бұл көрсеткіш 1982 жылғы ыстықтан асып түсті, 22 сәуір күні Атырауда ауа температурасы +31,2 градусқа дейін ысып, 2012 жылғы рекорд жаңарды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале