27.08.2026, 17:00
Оқылды: 86

Қазақстанда 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды: Қай салаларда жұмыс көбейді? 

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының халықты жұмыспен қамту бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелерінде айтылды - деп жазды baq.kz.

Top Down View of Diverse Colleagues Working In Corporate Office of Hedge Fund. Using Desktop Computers, Discussing Documents, Analyzing Data. Concept of Teamwork and Professional Business Environment

Сурет: istockphoto.com

Олардың ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында.

Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың үлесі 16,8% болды.

Одан кейінгі орындарда:

  • білім беру – 13,3%;
  • өнеркәсіп – 12,4%;
  • ауыл шаруашылығы – 10,5%;
  • көлік және қоймалау – 7,1%;
  • құрылыс – 6,8%;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6%.

2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артқан.

Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді. Бұл бағытта жұмыспен қамтылғандар саны 37 мың адамға көбейді.

Сонымен қатар білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, ал денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға артты.

Өсім тіркелген басқа салалар да бар. Атап айтқанда, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 15,1 мың адамға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 7,7 мың адамға, қаржы және сақтандыру қызметінде – 7,4 мың адамға өскен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале