3.11.2020, 19:33
Оқылды: 71

Қазақстанда әйелдерге арналған ипотеканың шарттары қандай?

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев әйелдерге арналған ипотека қашан іске қосылатынын айтты.

C8C46ED8-4BA2-4164-8BB7-0C7848376F89

«Әйелдер ипотекасы» бағдарламасы осы жылдың басында іске қосылуы тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бұл мәселе пысықталып жатыр. Жақын арада оны жария етеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылатындығын айтқан еді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағы бір жобаны іске қосты. Оны 2020 жылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл «тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда гендерлік теңдікті қолдау жөніндегі жоба» немесе «әйелдер ипотекасы» деп аталады. Жобаны Азия даму банкі 38 миллиард теңге көлемінде қаржыландырады», - деген еді ол. Әлия Айдарбекованың айтуынша, әйелдерге несиелер бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 30 млн. теңгені құрайды. Оны алу үшін табысы 200 мың теңгеден төмен болса, ең төменгі бастапқы жарна 15 пайыз мөлшерінде болады. Ал табысы 200 мың теңгеден асатын әйелдер үшін бастапқы жарна - 20 пайыз. Пайыздық мөлшерлеме алдын ала болжам бойынша, 12 пайыз деңгейінде болады. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ақша жинағандар үшін ставка төмендеп, 3,5-5 пайызды құрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале