30.09.2022, 14:45
Оқылды: 197

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары фронтальды белсенділіктің ықпалында болғандықтан жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз күтіледі.

"Қазақстанда ауа температурасының жоғарылауы күтіліп отыр. Күндіз еліміздің батысында 17-28 жылы, солтүстік-батыста 5-18-ден 8-23 жылы, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градусқа дейін жылы, орталықта 3-15 жылы, шығыста 0-8 градустан 2-10 дейін жылы, таулы аймақтарда 2 градустан 12-18 жылы", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале