21.07.2026, 21:00
Оқылды: 30

Қазақстанда автокөлік шанағы бөлшектерінің өндірісі іске қосылады

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет отырысында «Allur» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Қазақстанда отандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

23fbd5e9-5bf1-4af6-9ae2-d3d687b873b5

Фото: KZgovernment

Қазіргі уақытта «Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan» және басқа өндірушілермен бірлескен салааралық жоба пысықталуда, ол металлургия мен автомобиль жасауды Саран қаласындағы автобустар өндірісіне ұқсас бірыңғай өндірістік тізбекке біріктіреді.

Жоспар бойынша 2028 жылы Qarmet жеңіл автомобиль өндірушілерінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль парағын шығаруды бастаса, 2029 жылы оның негізінде шанақ бөлшектерін сериялық өндіру іске қосылады. Жобалық қуаттылығы жылына кемінде 100 мың шанақты құрайды, ал олардағы қазақстандық болаттың үлесі кемінде 75% болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале