Электр жүйесі - өзекті мәселе
11 Тамыз 2022

Электр жүйесі - өзекті мәселе

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты
11 Тамыз 2022

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!
11 Тамыз 2022

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жастармен жарқын жүздесу
11 Тамыз 2022

Жастармен жарқын жүздесу

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті
11 Тамыз 2022

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
11 Тамыз 2022

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220627151625759e

Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат

«Медиа мен мемлекет өзара тығыз әрі маңызды ұғым екенін жақсы білеміз. Ақпарат құралдарын алға шығарып, жан-жақты дамыту қоғамның өсіп-өркендеуіне жол ашады. Бұны әлемдік процестен көріп отырмыз. Қазақстан да бұл даму динамикасынан қалып қойған жоқ. Отандық медиа-индустрия қарқынды және сапалы даму үстінде. Бүгінгі таңда елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген және жыл сайын олардың санының белсенді артып жатқаны байқалады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарының санымен бірге таралу аумағы да ұлғайып отыр. Яғни өзге тілде шығатын басылымдар белгілі бір этностар тұратын аймақтарда ғана емес, тұтастай республикаға кеңінен таралып жатыр.

«Десек те, Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару, таратуды тоқтата тұру немесе тоқтату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асады. Заңның бұл тармағы БАҚ-тың институционалдық қорғалуының айтарлықтай жоғары дәрежесін көрсетеді», - деді Асқар Омаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале