7.10.2022, 9:30
Оқылды: 58

Қазақстанда бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған

Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған. Бұл туралы ҚазАқпарат «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ сілтеме жасап хабарлайды.

221007082544681e

«Елімізде болып жатқан кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді», - делінген ұйымның хабарламасында.

«Мемлекеттік техникалық қызметтің» болжамынша, еліміздің қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін.

DDoS шабуылдары үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері қолданылған. Қазіргі уақытта Cybershield күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетсек, DDoS шабуылы – бұл белгілі бір интернет-ресурсқа немесе интернет сегментіне ретсіз сұраныстар түріндегі арнайы бағытталған қуатты трафик ағыны. Шабуыл нәтижесінде Интернетке қол жеткізу қиындайды (Интернет қызметтерінің жұмысында кідіріс болуы мүмкін) немесе ол мүлдем жұмысын тоқтатады.

Еске сала кетейік, ҚазАқпарат бұған дейін Қазнетке бірнеше күн бойы кибершабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік ақпараттық ресурстарға DDoS-шабуылдар туралы пікір білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале