26.07.2026, 14:30
Оқылды: 52

Қазақстанда «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалі өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы шілде-қазан айлары аралығында ел аумағында бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі ұйымдастырылады.

 706a01899df5100b768dadcdc6cf0765_1280x720

Фото: gov.kz

Екі кезеңнен тұратын ауқымды шараның алғашқы легі барлық өңірде және республикалық маңызы бар қалаларда іріктеу байқаулары ретінде өтеді. Жеңімпаздар қазан айында Астанада Республика күніне орай ұйымдастырылатын қорытынды Гала-концертке қатысуға жолдама алады.

Байқау қатысушылары «Үздік шығармашылық ұжым», «Үздік аспаптық шығарма», «Үздік орындаушы», «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы» және «Үздік хор ұжымы» атты бес номинация бойынша бақ сынасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале