Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

24.09.2021, 18:22
Оқылды: 191
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Биыл тамыздағы қорытынды бойынша дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, жылына 3,3 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

35

Energyprom.kz агенттігі сарапшылары қымбатшылықты дәрі-дәрмек импортының өсуімен байланыстырған.

Дәрі-дәрмек бағасының жылдық динамикадағы 14,1 пайызға ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында да 10,9 пайызға, Ақмола облысында 9,1 пайызға өсті.

Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық өнімдер Қостанай, Павлодар облысында (әр облыста 0,1 пайызға) және Жамбыл облысында( 2,9 пайызға) арзандады.

Фармацевтикалық препараттар арасында:

  • "Хилак форте" (30 миллилитр) бірден 17,9 пайызға қымбаттап, 1600 теңгеге;
  • "Эссенциале форта Н" (30 капсула) 10,3 пайызға, 2900 теңгеге;
  • "Но-шпа" (40 миллиграмм, 100 таблетка) 10,2 пайызға, 2700 теңгеге дейін ;
  • "Корвалол" (25 миллилитр) 9 пайызға, 180 теңгеге дейін;
  • "Аквалор" (125 миллилитр) 8,4 пайызға, 2000 теңгеге дейін көтерілді.

"Ренни", "Омез", "Ксимелин", "Ингавирин", "Амброксол" секілді препараттар бағасы да өсті.

"Фенистил Нью" (20 миллилитр) препаратының бағасы жылдық динамика бойынша - 0,1 пайызға, 2000 теңгеге, "Гипотиазид" (25 миллиграмм, 20 таблетка) - 1,8 пайызға, 1100 теңгеге, "Азитромицин" (500 миллиграмм, 3 таблетка) - 3,4 пайызға, 949 теңгеге, парацетамол (10 таблетка) - 5 пайызға, 81 теңгеге, ацетилсалицил қышқылы үшін (10 таблетка) - 10,4 пайызға, 51 теңгеге төмендеді. Жарты жылда елге 615,8 миллион долларға 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Соның ішінде ТМД елдеріне 5,3 мың тонна тиесілі, бұл былтырғымен салыстырғанда 59,9 пайызға көп. Ресей - жыл басынан бері негізгі жеткізуші ел.

ТМД-дан өзге елдерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды, бұл былтырғы көрсеткіштен 81,8 пайызға артық. Ең көп жеткізуі ел Қытай (5,4 миллион долларға 1,3 миллион тонна), Үндістан (44,8 миллион долларлық мың тонна) және Германия (107,8 миллион долларға 947 тонна) болды.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале