Бірыңғай дистрибьютор қазірдің өзінде 1 581 дәрілікзаттар мен медициналық бұйымдарды сатып алды, бұл жылдық жоспардың 91,5 %-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 5 қаңтардан бастап медициналық ұйымдарға 18,14 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектерді жөнелтубасталды. Сатып алу қорытындысы бойынша бюджетті үнемдеу 56,6 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша препараттарды сатып алуға бағытталатын болады.
Бір мезгілде белгілі бір аурулары бар азаматтарды тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен бұйымдардың тізбесін өзектендіру жүргізілуде. Өзгерістердің негізі халықаралық тәжірибе болды және медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыратын пациентке бағытталған тәсілге баса назар аударылды.
Қажеттіліктерді дәл есепке алу үшін Министрлік дәрі-дәрмектерді автоматтандырылған есептеудің жаңа әдістемесін әзірледі. Учаскелік дәрігерлер ақпараттық жүйелердегі пациенттер туралы деректерді толтырады, бұл дербестендірілген тәсілді және уақтылы толықтыруды қамтамасыз етеді.