Қазақстанда сапасыз және тіркелмеген препараттардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың сатылуына мемлекеттік бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Фото: istockphoto.com
Осы бағытта әзірленген бірлескен бұйрық жобасы арқылы дәріханалар, маркетплейстер мен әлеуметтік желілердегі заңсыз сауданың жолын жедел кесу көзделген.
Құжатта фармацевтикалық қызметке қойылатын талаптарды бұзушылықтарға, атап айтқанда лицензиясыз сауда жасауға, жалған препараттарды өткізуге және рецептсіз берілетін дәрілерге қатаң назар аударылады. Бұзушылық анықталған жағдайда қызметті уақытша тоқтату немесе препараттарды айналымнан алу шаралары қолданылмақ.