15.07.2026, 21:00
Оқылды: 124

Қазақстанда ерлердің 30,5%-ы және әйелдердің 4,9%-ы темекі тұтынады

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2026 жылдың қаңтарында еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ересектер арасында темекі тұтыну деңгейін анықтау мақсатында кезекті жыл сайынғы сауалнама жүргізілді.

guvo59-cigarettes-3564364_1920

Фото: pixabay.com

Зерттеуге 15 жастан асқан 12 мың үй шаруашылығының өкілі қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша Қазақстан халқының 15,1%-ы темекі шегеді. Бұл көрсеткіш өткен 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 пайыздық тармаққа төмендегенін көрсетеді.

Зерттеу деректеріне сәйкес, темекі тұтыну көрсеткіші қалаға қарағанда ауылдық жерлерде жоғары — тиісінше 14% және 17,8%. Ал гендерлік тұрғыдан алғанда, ерлердің 30,5%-ы, ал әйелдердің тек 4,9%-ы зиянды әдетке әуес. Сонымен қатар темекі шегетін азаматтардың басым көпшілігі, яғни 98,6%-ы өнеркәсіптік әдеттегі темекіні таңдаса, 0,9%-ы «IQOS», «GLO» сияқты темекіні қыздыру құрылғыларын, 0,4%-ы электронды темекілерді (вейп), ал 0,1%-ы темекі өнімдерінің басқа да түрлерін тұтынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале