27.08.2022, 10:30
Оқылды: 145

Қазақстанда ірі қара, қой және ешкіні экспорттауға тыйым салынды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі 2022 жылғы 22 тамыздағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

c36b533d417d41c9bb47e2733f6d421f

Құжатта Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара, қой мен ешкіні әкетуге алты айға тыйым салу енгізілсін.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне қабылданған шаралардың қолданылуы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылды.

Бұйрық 2022 жылғы 6 қыркүйекте күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап тірі ірі қара, қой мен ешкіні экспорттауға тыйым салынған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале