
Сурет: istockphoto.com
Еске сала кетейік, бұған дейін ережелер жануарларды сәйкестендірудің түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін. Енді жаңа ережелерге сәйкес, иттер мен мысықтарды есепке қою кезінде оларға міндетті түрде микрочип орнатылуы керек, оның нөмірі жануардың тіркеу мәліметтерінде көрсетіледі.
Басқа үй жануарлары үшін міндетті чиптеу талабы енгізілмейді. Иесі есепке алу құралын өз бетінше таңдап, сатып ала алады.
Жануарларды чиптеумен және есепке алумен ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық қызметке құқығы бар ветеринария мамандары мен ұйымдар айналыса алады.
Сондай-ақ бұл іспен жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ұйымдар да айналыса алады.
Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң өз күшіне енеді.
Яғни, әзірге жаңа талаптар қолданысқа енген жоқ. Бұйрық күшіне енгеннен кейін - 22 тамыздан бастап, иттер мен мысықтарды есепке қою кезінде чип болуы талап етіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарын бұдан былай асырай алмайтын иелері үшін іс-қимыл тәртібін түсіндірген болатын. Құжатта жануарды қайда тапсыруға болатыны нақты көрсетілген: баспанаға, уақытша ұстау пунктіне немесе оған қамқорлық жасай алатын басқа адамға не ұйымға.
Бұл ретте жануарды тапсыру иесінің бірден міндеттемелерден босатылатынын білдірмейді. Егер үй жануары уақытша ұстау пунктіне берілсе, оның кейінгі тағдыры шешілгенге дейін иесі оны күтіп-баптауды қамтамасыз етуі тиіс.