Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды
1 Қазан 2022

Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды

Бүгін – халықаралық қарттар күні
1 Қазан 2022

Бүгін – халықаралық қарттар күні

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді
1 Қазан 2022

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақынын ардақтаған Ақжайық
30 Қыркүйек 2022

Ақынын ардақтаған Ақжайық

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді
30 Қыркүйек 2022

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді

Жұмыс тобы Теректіде
30 Қыркүйек 2022

Жұмыс тобы Теректіде

Қазақстанда қайырымдылық жасаған адамдарға атақ беріледі

Елімізде жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ берілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

0

«Қайырымды іс жасаған адамға немесе ұйымға құрметті атақ беріледі. Қазір оның ережесі мен талабы әзірленіп жатыр. Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін. Кісінің немесе ұйымның жасаған игі істерін арнайы комиссия қарап, нәтижесінде құрметті атақ беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады», - деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, қайырымды жандарға берілетін құрметті атақ мемлекет тарапынан көрсетілген алғыстың белгісі.

Айта кетсек, бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген «Кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықтар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ортаға салынды.

Министрлік өкілінің мәліметінше, аталған заң жобасын әзірлеуде жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, жұртшылықтың ұсыныстары ескерілді.

Заң жобасы үш негізгі блоктан тұрады: волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау.

Бұған дейін қайырымдылық мақсатында халықтан жылу жинайтын блогерлер енді көмекке мұқтаж кісімен немесе ұйыммен келісімшарт жасасуға міндетті екені туралы хабарлаған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале