29.11.2021, 10:15
Оқылды: 63

Қазақстанда қанша адам Pfizer вакцинасын салдырғаны айтылды

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 76 944-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметте көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4

29 қарашадағы жағдай бойынша, Pfizer вакцинасын 76 944 адам салдырған. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 60 325 жасөспірім, 5 284 жүкті әйел және 11 335 бала емізетін ана вакцина алған.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 795 адам тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 970 887-ге жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале