2.08.2022, 15:30
Оқылды: 86

Қазақстанда қашықтан оқыту енгізілмейді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

Фото дерекөзі: time.kz

- Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады, - деді Айжан Есмағамбетова 24kz телеарнасына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, қашықтан оқыту форматы енгізілмейді. Дегенмен, «қызыл» аймаққа түскен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады.

- Балабақшаларда топтарды біріктіру арқылы өткізілетін іс-шараларға тыйым енгізіледі. Мектептерде жоғары, орта және төменгі сынып оқушыларын бөлектеу жүргізілуі мүмкін. Бұл оларды мүмкіндігінше бір-бірімен кездеспеуі үшін жасалады. Естеріңізде болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіре беріс ұйымдастырған едік, - деді бас санитар дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале