20.07.2022, 18:00
Оқылды: 97

Қазақстанда Кaz-Nedra геоақпараттық жүйесі іске қосылады

Биылдан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар үшін эталондық геоақпараттық жүйе құруға бағытталған Kaznedra жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220720174214117e

Бұл жүйе жеке және заңды тұлғаларға жер қатынастары мен жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік беретін болады. Оның тағы бір функциясы - осы салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру.

Бұл жобаны Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мен Экология министрі Серікқали Брекешев жан-жақты талқылады.

Қазіргі уақытта министрлік жобаны іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті, жер қойнауын пайдаланушылардың бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша бірыңғай тәсілдерді айқындады.

Жоба бірден бірнеше ведомствоның, соның ішінде Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың деректер базасын қосуды көздейді.

Мұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер асты сулары, гидротехникалық, инженерлік құрылыстар және т.б. бойынша деректер сақталатын болады.

Бұл ретте, ЦДИАӨМ жобаның техникалық бөлігін орындауды, оның ішінде қажетті ақпаратты жүктеу үшін деректер базасының құрылымын құруды да өз мойнына алады, ал цифрландыру және ақпаратпен толтыру, сондай-ақ құқықтық алаңды қалыптастыру салалық мемлекеттік органдарда қалады.

«Kaz-Nedra платформасы ашықтықты қамтамасыз етеді және рәсімдерді цифрландыру арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Мұнда жер қойнауы учаскелерін іздестіруден, геологиялық ақпарат пен лицензиялар алудан бастап, жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігін, оның ішінде салық төлемдерін қалыптастыру мен тапсыруға дейін бірқатар рәсімдерді жүзеге асыруға болады», - деп атап өтті ведомство басшысы Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, платформаны енгізу жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірыңғай терезеде барлық рәсімдер мен қызметтерді шоғырландыру арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетуге ықпал етеді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале