Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерлерге кешіккені немесе қателік жібергені үшін ақшалай айыппұл сала алмайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Фото: istockphoto.com
Ведомствоның мәліметінше, Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес, тәртіп бұзған қызметкерге тек ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс немесе еңбек шартын бұзу сияқты жаза түрлері ғана қолданылады. Заңнамада көзделмеген өзге де шараларды, соның ішінде ақшалай айыппұлдарды қолдануға тыйым салынады. Мысалы, жұмысқа кешіккен қызметкердің жалақысынан өз бетінше сома ұстап қалу заңсыз.
Сондай-ақ жаза қолданбас бұрын жұмыс беруші міндетті түрде қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге тиіс. Ал жалақыдан ұсталым жасау тек Еңбек кодексінің 115-бабында көрсетілген ерекше жағдайларда немесе қызметкердің өз келісімімен ғана жүзеге асырылады.