23.06.2020, 12:14
Оқылды: 84

Қазақстанда коммуналдық қызметтер алдындағы берешек 13 млрд.теңгеге жетті

Дебиторлық берешек жағынан тізімнің алдыңғы үштігін республикалық маңызы бар үш қала бастап тұр.

7C376DD2-D402-429A-B742-AF54B966397B

«Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық берешегі 13 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн. теңгеге көп. 2019 жылы бұл сома 12 286 млн. теңге еді», - деген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында берешегі ең көп өңірлерді атады.

Оның айтуынша, бұл бағытта Алматыда 2 млрд. 177 млн. теңге, Нұр-Сұлтанда 1 млрд. 928 млн. теңге, Шымкент қаласында 1 млрд. 924 млн. теңге, Маңғыстау облысында 1 млрд. 525 млн. теңге қарыз бар.

«Әкімдіктер борышкерлермен дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда кассалық қызмет көрсетуді жақсарту, тұтынушылардың берешегі туралы шот-хабарламаларды тарату, ескерту хабарламаларын тарату, кіреберістерде хабарландыруларды ілу, материалдарды сот органдарына жолдау жұмыстары атқарылуда», - деді Бейбіт Атамқұлов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале