21.03.2020, 13:04
Оқылды: 50

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

коронавиурс

Вакцина әзірлеумен Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр. 

Ғалымдар бес кандидатттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалады.

"Әлемнің көптеген елі өз вакцинасын әзірлеу туралы жариялады, алайда бұл олардың барлығы клиникалық сынақтан өтуді талап етеді және бір жылдан кем уақытта аяқталмайды. Вакцина алынғанға дейін COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу маңызды. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын алу шараларын сақтау қажет", - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале