«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Қазақстанда криптоиндустрияның алғышарттары дайындалуда

Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында панельді сессия қатысушылары цифрлық майнингтің даму басымдықтарын талқылады, деп жазады ҚР Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сайтында. 

e7c989206c4048eafe4b1d4a83014d59_1280x720

Фото: ҚР Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 

Төртінші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталық басшысы Павел Коктышев кейінгі екі жылда сектордың даму көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан (бұл бүкіл әлемдегі экономиканың біршама секторларына тән), индустрия дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтты.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталмыш салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болғанын айта кетті.

"Алайда биыл біз оң үрдістерді байқап отырмыз. Мемлекет саланың даму үрдістеріне түсіністікпен қарайды. Бұл әуелі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаның алғышарттары. Біздің қауымдастық үкіметпен және АХҚО-мен жұмысты биыл да жалғастырады", - деді ол.

Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екеніне сенімді. Қауымдастық өз тарапынан білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқтардың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.

Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғизат Байтұрсынов Парламент отырысында осы сектордың басты мәселелерін шешуді көздейтін цифрлық активтер туралы заң қабылданғанын еске салды.

"Көптеген елдерде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын", - деді ол.

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале