5.10.2022, 17:15
Оқылды: 9

Қазақстанда күніне 11 адам өз-өзіне қол жұмсайды – депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов дүниежүзілік психикалық денсаулық күні туралы баяндама жасап, Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны артқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20

Мәжілісменнің айтуынша, жыл сайын өз-өзіне қол жұмсау салдарынан Қазақстанда 4 мыңға жуық адам о дүниеге аттанады. 2021 жылы  3951 адам суицид жасаған.

"2012-2021 жылдар аралығындағы он жылдық суицид статистикасы бойынша, Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Ал күніне 9-16 адам өз-өзін өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстанда ең көп суицид саны анықталған жылдар –  2013, 2015 және 2019 жылдар", − деді Смайлов Парламенттегі отырыста.

Сонымен қатар, ол ерлердің көбірек өз-өзіне қол жұмсауға бейім екенін атап, Қазақстандағы бес суицидтің төртеуі ер азаматтардың тарапынан жасалғанын айтты.

"Жасалған суицидтердің 80%-ы ер адамдар; 20%-ы әйелдер тарапынан орын алды.

2012-2018 жылдары өзіне қол жұмсаудың 48%-ын әйелдер, 51%-ын ерлер жасаған. Соңғы үш жылда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінде ерлердің үлесі 65%-ға дейін өсті. Ер адамдар әйелдерге қарағанда суицид жасауға бейім екенін көрсетеді және соңғы үш жылда бұл үрдіс күшейе түсті", - деді депутат.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале