12.10.2021, 12:39
Оқылды: 106

Қазақстанда металл сынығы мен қалдықтары экспортына тыйым салынды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылдың 7 қазанында "Қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын тасымалдау мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021101113320711502_2021101112340850675_metal-1846615_1920

Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын-қышқылды аккумуляторларды, батареяларды, сонымен қатар құбырлар, рельстер, қолданыста болған теміржол мен жылжымалы құрам элементтерін автокөлікпен тасымалдауға алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салынды, - делінген құжатта.

Бірақ бұл шектеулерге кірмейді:

  • Қоспалы болат қалдықтары мен сынықтары, оның ішінде коррозияға төзімді болат және басқалары;
  • жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және кері экспортталатын, сондай-ақ жөндеу үшін Қазақстан аумағынан шығарылған және кері әкелінетін жылжымалы құрамның пайдаланылған элементтері.

Бұйрық 2021 жылы 19 қазанда күшіне енеді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале